ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ТӘЖІРИБЕСІ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ТӘЖІРИБЕСІ

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге

Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Осы бағытта біздің әдістемелік бірлестік те жұмыс жасауда. 2018 жылдың ақпан айында мектебіміздің қабырғасында әдістемелік бірлестіктердің арасында «Ең үздік Webquest» атты сайыс өтті. Осы іс – шараға қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Webquest-тің тақырыбы : «Qut mekenim - Qostanay». Жұмыс тәжірибе ретінде латын әліпбиімен жасалды. Webquest-тегі проблемалық тапсырмалардың нәтижесін оқушылар компьютердің көмегімен  латын әліпбиінде қорытындылау шарт болды.  Әр мұғалім сабақтарында Webquest –ті балаларға өткізу арқылы тәжірибелік сабақтар өткізді. Бұдан шығарған қорытынды: орыс мектебі болса да, webquest  тапсырмаларын латын әліпбиімен орындау оқушыларға қиындық туғыздырған жоқ. Оның себебі, оқушылардың бұл қаріпті ағылшын сабақтарында кең қолдануы.Сонымен қатар , телефон пайда болғалы бері, әлеуметтік желідегі ақпараттарды латын қарпімен алмасып жүргендіктен, жаңа әліпбиді меңгеру жас буынға аса қиындық туғызбайды деп санаймыз.

    Біз уақыт көшіне ілесіп, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.

DSCF0885

DSCF1136

Войти

Поиск

Кто с нами

Сейчас 434 гостей и один зарегистрированный пользователь на сайте

Самый лучший сайт

logotip.jpg